Басқа жаңалықтарға қайта оралу
bassholding news image
Bass Gold
30 наурыз 2026
BASS Gold 3.16 млн $ облигациялық борышын сәтті өтеді

"BASS Gold" ЖШС өзінің купондық облигациялары бойынша төлемдердің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды (тикер: fpstb6, ISIN: kz2p00013592). Негізгі қарызды өтеу және соңғы купондық сыйақыны төлеу 2026 жылдың 27 наурызында шығару шарттарына сәйкес толық көлемде жүргізілді.

Міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер

Облигация ұстаушыларына төленетін төлемдердің жалпы сомасы 3 165 000 құрады, оның ішінде:

- негізгі қарыз (номиналды құны): 3 000 000 $;

- купондық сыйақы (2 кезең): 165 000 $.

Инвесторлар алдындағы міндеттемелердің уақтылы орындалуы "BASS Gold" ЖШС-нің Қазақстан қор биржасында (KASE) сенімді Эмитент мәртебесін растайды. "Осы шығарылымды өтеу - біздің қаржылық cтратегиямыздың жоспарлы кезеңі. Біз тартылған қаражатты алтын өндіру фабрикасының қуатын кеңейтуге және Үшшоқы кен орнының жаңа учаскелерін геологиялық барлауға бағыттай отырып, борыштық портфельді тиімді басқаруды жалғастырамыз", - деп атап өтті "BASS Gold" ЖШС құрылтайшысы Шыңғыс Сәдуақасов.

Компания туралы

"BASS Gold" ЖШС-Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан алтын өндіруші компаниясы. Негізгі актив Ұлытау облысындағы Үшшоқы кен орны, онда компания Доре қорытпасын ала отырып, кен өндіру мен қайта өңдеудің толық циклін іске асырады.

Инвесторлар мен БАҚ үшін байланыс: