Басқа жаңалықтарға қайта оралу
bassholding news image
Bass Gold
16 ақпан 2026
Қазақстандықтар 9 тонна инвестициялық алтын сатып алған

Алтын қазақстандық инвесторлар үшін «қауіпсіз айлақ» ретіндегі мәртебесін нығайтып жатыр. Бағдарлама басталғалы бері халық жалпы салмағы 9 тонна болатын 263 479 өлшемді алтын құйма сатып алды. Бұл дегеніңіз, инвестициялық алтынға деген сенімнің айқын көрсеткіші. Тек 2025 жылдың өзінде ҚР Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктерге және жекелеген банктік емес айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 889,5 кг тұратын 27 807 өлшемді құйма өткізді. Бұл көрсеткіштер жаһандық құбылмалылық жағдайында қазақстандықтардың нақты құндылық пен ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты таңдағанын дәлелдейді.

ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылы екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 889,5 кг 27 807 өлшемді құйма сатты.

Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).

Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алуға немесе кері сатуға болады.

Осылайша, 2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т.

Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%).

Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Алтынға инвестиция салу – уақыт сынынан өткен тұрақтылық, өтімділік және материалдық құндылықты таңдау. Сондықтан Қазақстанда бұл активке деген қызығушылық артып келеді.