
«BASS Gold» ЖШС Қазақстан қор биржасында (KASE) жетінші купондық облигациялар шығарылымын (тикер: FPSTb7) листингке шығарды. Сатылым бүгіннен бастап, яғни 2026 жылғы 11 ақпанында KASE альтернативнті алаңының «коммерциялық облигациялар» секторында ашылды.
FPSTb7 шығарылымының негізгі параметрлері:
ISIN: KZ2P00017130
Шығарылым көлемі: 1 млн АҚШ доллары
Номиналдық құны: бір облигацияға 100 АҚШ доллары
Айналым мерзімі: 12 ай (360 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 11%
Төлем кезеңділігі: жарты жылда бір рет
Тартылған қаражат алдағы үш жылға арналған компанияның негізгі даму бағыттарын жүзеге асыруға бағытталады.
Инвесторлар неге BASS Gold облигацияларын таңдайды:
- Жоғары табыстылық – жылдық 11% түсім, бұл Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі АҚШ долларындағы депозиттердің ағымдағы мөлшерлемесінен (2%-ға дейін) әлдеқайда жоғары.
- Эмитенттің сенімділігі – әлемдік нарықта бағалы металдың құны өсіп отырған кезеңде компанияның өз кен орнында тұрақты алтын өндіруі.
- Валюталық инвестицияның қосымша артықшылықтары – АҚШ доллары бағамының өсуі табыстылықты арттыруы мүмкін.
Аталған облигациялар инвесторларға жоғары табыстылық, сенімділік және валюталық қорғанысты үйлестіре отырып, BASS Gold компаниясының ұзақ мерзімді даму мен қаржылық ашықтық қағидаттарына берік екенін көрсетеді.