
2026 жылғы ақпан айының басында Ұлытау облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Нұртас Қарипбаев пен BASS Gold компаниясының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тау-кен өндіру саласын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында компанияның даму жоспарлары, оның ішінде алтын өндіру және өңдеу саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, олардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект элементтері мен озық цифрлық жобаларды қолдануға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар BASS Gold компаниясының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін, соның ішінде тұрақты салық түсімдері, инвестициялық жоспарлар және жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу перспективаларын талқылады. Компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, тау-кен өндіру саласындағы перспективалы өндірістерді іске қосуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
«BASS Gold» ЖШС тұрақты даму қағидаттарын ұстанады, жер қойнауын жауапты пайдаланға және мемлекеттік әрі іскерлік серіктестермен ашық ынтымақтастыққа ұмтылады.